АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында Жеңіс күніне арналған ауқымды іс-шаралар өтеді

Қарағанды облысында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай кең көлемді еске алу және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Қарағанды қаласында митинг-реквием, гүл шоқтарын қою рәсімдері, патриоттық концерттер мен театрландырылған бағдарламалар өтсе, мерекелік кештерге танымал өнер ұжымдары мен әншілер қатысады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қарағанды қаласында сағат 10:00-де Мәңгілік алау жанында митинг-реквием өтеді. Дәл осы уақытта Теміржолшылар мәдениет үйі маңындағы Жауынгерлік даңқ ескерткіші-обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

Орталық саябақтағы мерекелік бағдарлама сағат 12:00-де «Шаттық» жастар театрының «Ерлікке тағзым» атты прологымен басталмақ. 12:10-да Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблі өнер көрсетеді. 13:10-да сахна төріне Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрі мен Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері шығады.

Бағдарлама 14:10-да «Әуен» ансамблінің концерттік нөмірлерімен жалғасады. 15:10-да DECIMA вокалдық ансамблі көрерменге ән арнайды. Ал 15:30-да сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Bravo сыйлығының лауреаты, еуропалық опера өнерінің магистрі Сүндет Байғожин өнер көрсетеді.

Майқұдық саябағында мерекелік шаралар сағат 12:00-де «Жеңіс жалыны» атты концерттік бағдарламамен басталады. Оған Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары қатысады. 13:00-де Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Мерей» ансамблі сахнаға шығады, ал 14:00-де музыкалық комедия театрының әртістері өнер көрсетеді.

Теміржолшылар мәдениет үйі алдындағы алаңда сағат 12:00-де «Таусылмас тағзым» атты әскери әндер концерті өтеді. Дәл осы уақытта «Жастар» мәдениет үйі алдындағы алаңда «Ұлы Жеңіске – ұрпақтан тағзым!» атты мерекелік концерт көрерменге жол тартады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button