Бас тақырыпРесми
Парламент Құрылтай туралы конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент палаталарының заң жобасы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев, ал Сенаттан – Айнұр Арғынбекова, Нұрлан Бекназаров, Серік Өтешов және Ғалиасқар Сарыбаев кірді. Комиссия төрағасы болып Марат Башимов сайланды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



