АймақБас тақырып
Қарағандыда Отан қорғаушылар күні аталып өтті
Бүгін Қарағанды қаласының Орталық саябағында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қарағандылықтарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов құттықтады.

Басқарма басшысы бұл шара ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзеткен ержүрек жандарға көрсетілген ерекше құрмет екенін тілге тиек етті.

Ұрпақтар сабақтастығының белгісіне айналғанын атап өтті.

Қаламыздың төрінде патриоттық әндер мен рухты күйлер шырқалды.

Үздік шығармашылық ұжымдардың өнері көрермендерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



