АймақБас тақырып
Қарағандыда “Сарыарқа батырлары” Азия кубогы өтеді
Мамыр айында Қазақстанның түрлі өңірлерінде қысқы, ұлттық және жазғы спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді. Туризм және спорт министрлігінің атап өтуінше, Қарағанды облысында жазғы спорт түрлерінен сайыстар өткізу кеңінен қамтылған.

Атап айтсақ, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз және Өскемен қалаларында таеквондо, регби, садақ ату, көркем жүзу, спорттық құзға өрмелеу, жүзу, күрес түрлері және бадминтон бойынша жарыстар өтеді.

Аталған жарыстар спортты дамытуға, жас спортшыларды қолдауға және еліміздің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



