Қаныш Сәтбаев атындағы канал кезең-кезеңімен жаңғыртылуда
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бірнеше өңірді қамтитын стратегиялық су арнасын қайта жаңарту жөніндегі Жол картасы кезең-кезеңімен іске асуда. Бұл бастама су тұтынушылардың негізгі орталықтарының бірі саналатын Қарағанды облысы үшін ерекше маңызға ие.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні жоспарланған 17 трансформатордың 8-і орнатылған. Қалған жабдықтар жыл соңына дейін жеткізіліп, толық монтаждалады. Сонымен қатар жоба аясында сорғы жабдықтарын жаңарту қарастырылған. Жалпы 19 агрегатты ауыстыру жоспарланса, қазіргі таңда оның 5-еуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңғырту жұмыстары сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған. Бұл, әсіресе, аймақтағы елді мекендер мен өнеркәсіп нысандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін маңызды.
Министрлік өкілі Сағи Өтелов атап өткендей, реконструкция каналдың ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, су беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



