АймақБас тақырып

Qarmet арнайы техника паркін жаңартуды жалғастыруда

Qarmet баспасөз қызметі компания автокөлік және арнайы техника паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жалғастыруда екенін мәлімдеді.

Сурет Qarmet

Кезекті кезеңде компания Howo және Shantui өндірушілерінен 19 бірлік заманауи техника қабылдады. Оның ішінде бульдозерлер, экскаваторлар, тиегіштер мен автогрейдерлер бар. Техника өндірістік алаңдарда, кен орындарында және Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта пайдаланылады.

Жаңа техниканы енгізу өндірістің тұрақтылығын арттырып, жоспардан тыс тоқтап қалу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button