АймақБас тақырыпСпорт

Қарағандылық құтқарушы халықаралық жарыста топ жарды

30 сәуір мен 4 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласында «Белые ночи» халықаралық жарысы өтуде. Дүбірлі додаға 14 елден 800-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Сурет ТЖ департаменті

Аталған жарыста Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженері Александр Комаров жоғары шеберлік танытты. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «ұзын цикл» дисциплинасы бойынша қарсыластарынан басым түсіп, сенімді түрде алтын медаль жеңіп алды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button