Қарағандыда жамбы атудан өңір чемпиондары анықталды
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жамбы атудан өңірлік чемпионат өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жарысқа Қарағанды қаласы, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарынан 20-дан астам спортшы қатысты.

Сайыс корей, венгр, түрік және қазақ стильдері бойынша өтті. Ерлер арасында Тілеухан Нұрхан үш стильде алтын иеленсе, қазақ стилінде Айдархан Әбдрахманов үздік атанды. Әйелдер арасында Жансұлу Елеу (түрік стилі), Шұғыла Дәурен мен Александра Вершицкая (венгр және қазақ стильдері), сондай-ақ Шұға Әбді (корей стилі) жеңіске жетті.
Федерация президенті Нұржан Шайхин жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Ал тәжірибелі спортшы Александра Вершицкая жамбы атуда шапшаңдық, дәлдік және атпен үйлесім шешуші рөл атқаратынын айтты.
Жеңімпаздар Қазақстан чемпионатында өңір намысын қорғайтынын айта кеткен жөн.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



