АймақБас тақырып

Қарағанды облысында мамыр мерекелеріне арналған ауқымды іс-шаралар басталады

Қарағанды облысында 27 сәуірден бастап бірден үш мерекеге – Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған іс-шаралар басталады. Бағдарламаға концерттер, фестивальдер, патриоттық және қайырымдылық акциялар, челлендждер енген. Дайындық барысы аппараттық кеңесте таныстырылды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне облыста 120-дан астам іс-шара жоспарланған. 30 сәуірде Қарағандыда Достық үйі алаңында «Бірлігіміз берік!» флешмобы өтіп, «Қара жорға» биі жаппай орындалады. Сол күні «Қайырымдылық керуені» акциясы басталып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіледі.
1 мамырда өңірдің барлық қала-аудандарында концерттер ұйымдастырылады. Қарағандыдағы Орталық саябақта «Бірлік – ел тірегі» мерекелік бағдарламасы өтеді. Сахнада Гүлнұр Оразымбетова және VanGogh өнер көрсетеді. Қолөнер жәрмеңкелері мен көрмелер де өтеді.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде әскери қызметшілер мен күштік құрылым өкілдеріне арналған іс-шаралар жоспарланған. Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында әскери бөлімдерде ашық есік күндері өтеді.
5 мамырда Қарағандыда «Жас сарбаз – 2026» фестивалі, 6 мамырда Теміртауда үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі ұйымдастырылады. 7 мамырда өңірде мерекелік концерттер өтеді. Сонымен қатар «Ерлік сабақтары», «Сарбазға хат» акциясы және әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімдері жоспарланған.

9 мамыр – Жеңіс күні өңірде еске алу және патриоттық шаралар өтеді. «Ер есімі – ел есінде» онлайн-акциясы аясында тұрғындар соғысқа қатысқан туыстары туралы естеліктерімен бөлісуде. Волонтерлер «Ардағым ардагерім» акциясы арқылы ардагерлерге көмек көрсетеді.
4 мамырда Қарағандыда «Ардагерлер ән салады» фестивалі өтеді. 9 мамыр күні барлық қала-аудандарда гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылып, ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Орталық саябақта «Ерлікке тағзым» атты қорытынды концерт өтеді.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button