АймақЖаңалықтар

«Трансметаллосбыт» ЖШС-де экологиялық талаптар бұзылды

Экология департаментінің тексерісі барысында Қарағандыдағы «Трансметаллосбыт» ЖШС-де бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

Сурет Экология департаменті

Атап айтқанда, кәсіпорында өндірістік экологиялық бақылау жүргізілмеген. Аккредиттелген зертханалармен келісімшарттар жасалмаған және экологиялық рұқсат талаптары сақталмаған. Сонымен қатар, мониторинг жүргізілмей, есептілік уақытында тапсырылмаған.

Тексеру кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйесінің ұйымдастырылмағаны және 2025 жылға арналған қалдықтарды түгендеу есебінің тапсырылмағаны да белгілі болды.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша кәсіпорынға 562 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button