АймақЖаңалықтар

Қарағандыда 20-ға жуық кәсіпкер «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Қарағанды қаласында 20-ға жуық кәсіпкер «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өз нысандарының маңына бірыңғай қалалық үлгідегі қоқыс жәшіктерін орнатты. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Суреттер Қарағанды қаласы әкімдігінен

Әкімнің айтуынша, орнатылған жәшіктер әртүрлі емес, қалада қойылып жатқан үлгімен бірдей. Бірыңғай формат көшелердің көркін келтіріп, оларды ұқыпты әрі жинақы ете түседі.

— Бұл расында да тиімді шешім. Қоқыс жәшігі жақын тұрса, адамдар қоқысты кез келген жерге тастамайды, — деді Мейрам Кожухов.

Қала әкімі бизнес өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың тек өз нысанын ғана емес, жалпы қала тазалығын ойлайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қарағанды кәсіпкерлерін акцияға белсенді қатысуға шақырды.

Аталған акцияға қатысқысы келетін шағын және орта бизнес иелері қалалық кәсіпкерлік бөліміне жүгінуі қажет.

Аяулым СОВЕТ

                                                   Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button