АймақБас тақырып

Қарағандылық теміржолшыларға баспана беріледі

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы Отбасы банкімен бірлесіп қызметкерлерге арналған қолжетімді тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңін бастады.

Сурет ЖИ

Жоба аясында теміржолдың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін өндірістік персоналға басымдық беріліп, жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігі ұсынылады.

Бағдарламаның бірінші кезеңі 2026 жылдан бастап кадр тапшылығы байқалған Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай және Астана қалаларын қамтиды.
Компания басшылығы бұл бастама қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, саладағы кадр тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button