АймақБас тақырып

Қарағандыдағы басты көпірді жөндеу сәуір айының соңына дейін аяқталады

Қарағандыдағы негізгі көпірді жөндеу жұмыстары сәуір айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізілуде. Атап айтқанда, Matrix технологиясы бойынша қиыршықтас-мастикалық қоспа және полимер-битумды мастика пайдаланылуда. Мұндай тәсіл жол түйіспелерін тегістеуге, көліктерге түсетін жүктемені азайтуға және шу деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Сурет ЖИ

Айта кетейік, қаладағы көпірлер мен жол өткелдерінің жағдайы ерекше бақылауда. Бұған дейін жүргізушілер осы учаскедегі деформациялық жіктердің бұзылуына бірнеше рет шағымданған болатын. Көктемнің басында мәселені уақытша шешу үшін суық асфальт қолданылуда. Қазіргі таңда нысанда температураның ауытқуына және көлік жүктемесінің жоғары болуына төзімді материалдарды қолдана отырып, толыққанды жөндеу жүргізілуде. Бұл көпірдің ұзақ мерзімділігін арттырып, алдағы уақытта жиі жөндеу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Алайда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде Бұқар жырау даңғылындағы жол өткелінде бірнеше күннен бері көлік кептелісі байқалуда. Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауға кеңес берілген.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button