АймақЖаңалықтар

Қарағанды жастары әлемдегі әлеуметтік-саяси өзгерістерді талқылады

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде «Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-саяси трансформация модельдері: үрдістер, қайшылықтар және даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Суреттер Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінен

Жаһандану дәуірінде әлемдік қауымдастық ауқымды әлеуметтік және саяси өзгерістер кезеңін бастан өткеріп отыр. Осыған байланысты ұйымдастырылған конференцияның негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы трансформациялық үдерістерді жан-жақты талдау. Сондай-ақ олардың басты бағыттары мен ерекшеліктерін айқындау, сондай-ақ туындаған қайшылықтарды саралау арқылы болашақ даму перспективаларын анықтауға тырысты. 

Конференция барысында қатысушылар цифрландыру, жаһандану, саяси реформалар, азаматтық қоғамның дамуы, әлеуметтік теңсіздік және халықаралық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер сияқты өзекті мәселелерді кеңінен талқылады.

Сонымен қатар, әртүрлі елдердің тәжірибелері мен трансформация модельдері салыстырмалы түрде қарастырылып, тиімді даму стратегиялары ұсынылды.

Шараға сарапшылар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысып, өзара пікір алмасты. Конференция ғылыми байланыстарды нығайтуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа идеялардың қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button