АймақБас тақырып
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының орташа жөндеу жұмыстары басталды
Қазавтожолдың мәліметінше, республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1009-1052 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталды. 2 119 шаршы метр аумақта ақаулар жойылып, 1 шақырым жолда жону жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ қиыршық тас, құм және басқа да құрылыс материалдары алдын ала дайындалды. Жөндеу жұмыстары жол сапасын арттыруға және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



