АймақБас тақырып
Қарағанды деполары заманауи электровоздармен толықты
2026 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ паркі 24 жаңа локомотивпен толықты. Олардың қатарында Wabtec және CRRC компанияларының магистральдық тепловоздары, Alstom шығарған электровоздар және CRRC маневрлік тепловоздары бар. Локомотивтер Астана, Қарағанды, Жем, Атырау және Маңғыстау деполарында пайдалануға берілді.

Жаңа техника қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, мамандардың еңбек жағдайын жақсартты.
Барлық машиналар зертханалық сынақтардан өткендіктен талаптарға сай келеді және экстремалды климаттық жағдайларда пайдалануға бейімделген.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ




