АймақЖаңалықтар

Қарағанды облысында байланыс сапасы жақсарып, 5G ауқымы кеңейеді

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында мобильді инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Өңір билігі мен байланыс операторлары интернет пен байланыс сапасын арттыру үшін бірлескен жұмысты күшейтіп отыр.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының (Tele2/Altel) басшылығымен кездесіп, желіні дамыту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда өңірдегі елді мекендердің 60 пайыздан астамы оператор желісімен қамтылған. Ал Қарағанды қаласында 5G стандарты бойынша 93 базалық станция жұмыс істейді. Дегенмен, облыс басшысы бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпау қажеттігін атап өтті.

– Байланыс пен интернет – инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізудің негізгі факторы. Біз заң аясында қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өз кезегінде «Мобайл Телеком-Сервис» инвестиция көлемін арттыруда. Биыл компанияның өңірге салатын қаржысы екі есеге өсіп, 2 млрд теңгеден асады.

Компанияның басқарма төрағасы Александр Бабичев негізгі басымдықтарды атап өтті. Оның айтуынша, телеком-инфрақұрылымды дамыту — стратегиялық бағыттардың бірі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button