АймақБас тақырып
Қарағанды облысында қауіпсіздік күшейді
Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды саптық жиын өтті. Іс-шараға өңірлік полициямен қатар Астана қаласы мен Ақмола облысынан келген тәртіп сақшылары қатысты. Бұл жайлы Қарағанды облысының Полиция департаменті мәлім етті.

Жиын барысында жеке құрамның дайындығы тексеріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.

Іс-шараға патрульдік полиция, Ұлттық ұлан, учаскелік инспекторлар, арнайы жасақ және қоғамдық көмекшілер жұмылдырылды. Өңіраралық ынтымақтастық аясында бірлескен патрульдеу күшейтіледі.

Соңғы профилактикалық шаралар нәтижесінде үш күнде 17 мас жүргізуші анықталып, оның ішінде 4-еуінің бұрын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



