АймақБас тақырып
Маңғыстау — Қарағанды бағытында пойыздар қатынай бастады
Маңғыстау мен Қарағанды бағытында жолаушылар пойызы қатынай бастады.

Жаңа бағыт өңірлер арасындағы көлік байланысын жақсартып, тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтып, жұмыс, оқу және емделу мақсатында жиі қатынайтын азаматтар үшін тиімді болмақ. Бұған дейін жолаушылар бірнеше рет ауысып мінуге мәжбүр болған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



