АймақБас тақырып

9 маусым – Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері мен қызметкерлері күні

9 маусымда Қазақстанда әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл мереке ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше рөл атқаратын күштік құрылымдар қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында белгіленген.

Суретті түсірген Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ

Арнайы бөлімшелер қызметкерлері күрделі және қауіпті жағдайларда әрекет етіп, терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыстық топтарды залалсыздандыру, кепілге алынғандарды босату және басқа да маңызды операцияларды орындайды. Олардың кәсіби дайындығы, төзімділігі мен батылдығы мемлекет қауіпсіздігінің маңызды тіректерінің бірі.

Мереке аясында қызметтік борышын адал атқарып жүрген әскери қызметшілер мен арнайы жасақ сарбаздары марапатталып, олардың ерлігі мен еңбегі ерекше аталып өтеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button