88-дегі қария дауыс берді
Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан №17 сайлау учаскесіне таңғы сағат 11:00-ге дейін 300-ге жуық адам дауыс беріп үлгерген. Сайлаушылар қатарында жасы да, жасамысы да бар. Тіпті, 88 жастағы қария сайлау учаскесіне өз аяғымен келіп, таңдау жасаған.
– Сайлау учаскесінде 2178 адам тіркелген. Сағат 11:00-ге дейін 300-ге жуық адам дауыс берді. Әр адам сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруде. Тіркеуде ең алғаш рет дауыс беретін 5 тұрғын бар. Дауыс беру уақыты аяқталғанша келіп қалады деген ойдамыз. Оларға арнайы сыйлығымыз бар. Ал таңертең сайлау учаскесіне 88 жастағы қария өз аяғымен келіп, таңдау жасады. Кәдесыйымызды беріп, шығарып салдық, – деді №17 сайлау учаскесінің төрағасы Ерлан Кулумбетов.
Сайлау учаскесінде 15 байқаушы бар. Олар дауыс беру басталғалы ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін айтты.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.
Оrtalyq.kz