Ресми

Адами капиталға тірек болар бағыт анық

Ашығын айтайын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жылдардағы өткізген реформалары халқымыздың сана-сезімнің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашты. Оны мойындаған абзал.

VІІІ сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзін мен жылы қабылдадым. Себебі, Президент сөзінде нақтылық бар әрі бұрынғы Жолдауларының заңды жалғасындай, үндестік байқатып, тіпті онымен етене қабысып жатыр. Бұл елдік жұмыстың үзіліссіз атқарылып жатқанының нақты айғағы.

Алдымен сөзінің өн-бойында адами капиталға тірек болатын нақты бағыттарды тірек етті. Бұл – Президентіміздің халықтың хал-­ахуалын жетік біліп, кеше қандай болды, бүгін нендей өзгерістер бар екендігін барынша аңдап біліп отырғанын аңғартады.

Алдымен адами капиталдың негізін қалайтын – білім саласына тоқталды. Келер ұрпақты елін, жерін сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін аңғартты.

Бүгінгі білім саласы арқылы адами капиталды байыту – кезек күттірмес істердің бірі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы бабамыз айтқандай, өскелең ұрпақтың болашағының бір кілті – мұғалімде. Сондықтан «мұғалім даярлау ісін жетілдіру қажет» деуінде сондай гәп жатыр.

Екіншіден, денсаулық сақтаудағы адам капиталы. Егер Президенттің «Ауылдық денсаулықты сақтауды жаңғыру» жобалық тапсырмалары орындалып, өмірге енсе, бұл бастаманың халықтың белгілі бір бөлігінің денсаулық жағдайын жақсартуға ықпал етері сөзсіз.

Үшіншіден, спортты өркендетуіміз керек. Өйткені спорт – саламатты өмір салтының негізі. Спорт – тарихи-әлеуметтік түрде қалыптасқан көпқұрылымды, көпқызметті феномен. Бүгінгі таңда дүниежүзілік аренадағы және Қазақстандағы спорттың айтарлықтай дәрежеде болуы әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде айғақталуы табиғи-объективті, қоғамдық заңды үдеріс. Осы жетістіктер жалғасын тап­қаны дұрыс.

Басқа да көптеген жобалардың іске асуы, алдағы уақытта жүзеге асатындығын кепілдендіру жүдеу тартқан көңілімізге үлкен медеу ұялатары сөзсіз.

Рүстем ОҚАШЕВ,

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
ЭҚҚР кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button