Бас тақырыпКоронавирус

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 2 адам кеселден айықты

Елімізде коронавирус жұқтырған екі адамның қауіпті кеселден айыққаны белгілі болды. Бұл туралы “Хабар 24” арнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

  • Екі азаматтың жазылғаны анықталды. Олар ертең ауруханадан шығарылады. Қазір соңғы сараптамадан өтуде.  Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл – дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы – өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді, – деді министр.

Басқа материалдар

Back to top button