АймақОсакаров

Ерекше бал алынды

Осакаров ауданында сирек кездесетін бал сұрпы – балдырған балын өндіру қолға алынды. Омарташы Сергей САРАТОВКИННІҢ айтуынша, бұл сұрыптың денсаулыққа пайдасы зор.

Балдырған балы – элиталық сұрып саналады.

– Балдырған балын алу үшін ерекше климат қажет. Биыл ауа райы оң қабақ танытты. Күн ысып, артынан күн салқындап, жаңбыр да жауды. Өсімдік жақсы өсті. Араларым балдырған гүлдеген кезде жеті фляг бал жинады. Бұл – қара түсті, емдік қасиеттері бар, хош иісті бал, – дейді Сергей Саратовкин.

Кәсіпкер омарташылық кәсіпке бес жыл бұрын кіріскен. Қазіргі таңда шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Өз тілшімізден.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button