Руханият

Асық ойнаған – озар

Асық ойыны үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Ойынды дене шынықтыру пәнінде тиімді қолдана білсе, оқушылар дені сау, сымбатты, икемді, салауатты болып өседі.

Қарағандыдағы №86 мектепте оқушыларға жиі асық ойнатамыз. Өйткені, бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Болашақта іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшықеттері қимылдайды. Сондықтан, әр мектепке тәрбиелік мәні зор асық ойынын насихаттауды ұсынамын. Мектеп бағдарламасына кірсе, бұл – балалардың бос уақытын тиімді өткізуге сеп. Оларды мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды.

Асық ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз болғандықтан, оны қазіргі кезде ойнауды балалар арасында кең таратуымыз қажет. Бұл тәжірибе жүзеге асса, оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары артып, асық ойыны қайта жаңғырар еді.

Марал ХАЛИЛИНА,

№86 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button