Жаңалықтар

Президент сыйлығы – Оксана әріптесімізде

«Saryarqaaqparat» холдингіне қарасты «Индустриальная Караганда» газетінің Бас редакторы, әріптесіміз Оксана МЯГКИХ Президент сыйлығын иеленді. Бұл марапат Арқа журналистикасының мерейі.

Тоқсан жылдық тарихы бар «Индустриальная Караганда» газетінің екі тізгін, бір шылбырын ұстап отырған Оксана әріптесімізді Арқа жұртшылығы қаламы жүйрік журналист ретінде жақсы таниды. Газет бетінде өзекті мәселелерді өткір қозғап жүрген әріптесіміз Президент сыйлығын Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін алып отыр. Ол «Экспресс К» газетінде де өңірдегі саяси-қоғамдық тақырыптарды өндіре жазғанын оқырман қауым жақсы біледі.

Бұған дейін де еңбегі еленіп, түрлі облыстық, республикалық байқауларда топ жарған еді. Былтыр ғана «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ал, Президент сыйлығының лауреаты атану – үлкен абырой. Сондықтан, әріптесімізге әрі қарай да шығармашылық өрлеу тілейміз.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button