Қаныш тұтынған жиһаз

Көрген көздің жауын алатын мынау жиһаз – жауһар жәдігер. Кезінде оны академик Қаныш СӘТБАЕВТЫҢ отбасы тұтынған. Қазір «Қазақмыс» корпорациясының Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінде тұр.

Бұл музей «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігінің академик атындағы мұражайы мен Н.Валукинский атындағы геология-минералогия музейінің базасында 1997 жылы тамызда мұражай-көрме кешені болып құрылған. 2008 жылы қыркүйекте оған академик есімі беріліп, тарихи-өндірістік музейге айналды.

Музейдің бір залы Қаныш Имантайұлының отбасы тұтынған жиһаз коллекциясына (үстел, орындық, жылжымалы дөңгелек үстел, арқалы орындық, комод, диван, шынылы асадал, кереует, шарайна) берілген. Ал, академиктің жарты ғасырлық мерейтойында әріптестері сыйға тартқан жатын бөлме жиһазын қызы Мейіз ғалымның 110 жылдығында музейге тарту еткен. Сол жылы ол қайта өңдеуден өткізілген.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.