Бас тақырыпРесми

Балықшыларға мұзға шығудың қауіптілігі ескертілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер балықшыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға және мұзға шықпауға шақырады. Қазіргі таңда құтқарушылар мен тәртіп сақшылары су айындарында профилактикалық рейдер жүргізуде. Мұндай шаралар  Федоров, Самарқанд, Кеңгір, Шерубай-Нұра, Жартас су қоймаларында және Балқаш көлінде өткізілді.

Бұдан бөлек, балықшыларға  облыс өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп, ірі су қоймаларынан су ағызу көлемі артқаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда су айдындарындағы мұз жұқарып, беріктігі азайған. Сондықтан да, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет. Әсіресе,  мұзға шықпау, мұз үстінде автомобильдермен жүрмеу,  жарықтар мен ойықтарға жақындамау, ерте көктемде балық аулаудан бас тарту ережелерін қатаң ұстану керек Ең бастысы – балаларды су айдындарына жалғыз жібермеу   және оларға мұздағы және судағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру қажет.

Егер сіз төтенше оқиғаның куәгері болсаңыз немесе күтпеген жағдайға өзіңіз тап болсаңыз, 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласуыңыз керек.

Басқа материалдар

Back to top button