Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай – Ұлытау төрінде

Бүгін Ұлытауда жаңадан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны басталды. Диалог алаңына еліміздің түпкір-түпкірінен қоғам белсенділері шақырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде: «Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады», – деген болатын.

14 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері: қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу; жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкімет тік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету; өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин: «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысын аяқтады. Дегенмен, оның негізгі мүшелері Ұлттық құрылтай құрамына кірді.

Мемлекет басшысы жаңа құрылым жайында алғаш рет наурыздағы Жолдауында мәлімдеген болатын. Ұлттық құрылтай не үшін құрылды? Ұлттық құрылтай қоғамның бірігуін нығайту және кеңейтуге идеялар мен қадамдар іздеу әрі әзірлеу үшін диалог платформасына айналуды мақсат тұтады», – дейді.

Ұлттық құрылтайдың құрамында жалпы 117 қатысушы бар. Бұл құрамға Парламент депутаттары, саяси партия, бизнестің ірі салалық бірлестіктері, медицина, білім, ғылым, мәдениет, спорт, адам құқығын қорғау және өзге де әлеуметтік топтардың өкілдері кірді. Жұмысқа жас көшбасшылар мен белсенділер де шақырылды. Ал, Қарағанды өңірінен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков пен облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, «Talbesik» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахметова қатысады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button