Жаңалықтар

Ұлытаулықтардың әл-ауқаты жақсара түседі

Дербес облыс мәртебесі Ұлытау аймағын тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Бұ туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда басталған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында айтты.

«Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, аталмыш өңірдің алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталғанын атап өтті.

«Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты», – деді Президент. Айта кетейік, Президент Ұлытау облысындағы жұмыс сапары аясында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысып жатыр. Кеше Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлығы жарияланды.

Басқа материалдар

Back to top button