Балқаш

Нан бағасы тұрақтанады

Балқаш шаһарында нан бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімі Ораз ТӘУІРБЕКОВ пен «Пульс» ЖШС бас директоры Наталья ЛЯХОВСКАЯ екі жақты меморандумға қол қойды. Сол арқылы «Балқаш нан» сауда желілеріндегі 1 сұрыпты нан бағасы тұрақтандырылады.

Қала басшысы Ораз Тәуірбековтің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бидайды ұн тарту кәсіпорынынан 1 сұрыпты ұнды төмендетілген бағада жеткізбекші. Әлеуметтік дүкендер мен сауда нүктелеріне жол шығындарын ескере отырып, нанның бір бөлкесінің бағасы 105 теңгені құрайтын болады.

– Жергілікті өнімнің басты тұтынушылары балқаштықтар. Халық үшін экономиканың нақты секторының өзара іс-қимылының тиімділігі маңызды. Бүгін өндірушілермен әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойдық. Және әлеуметтік астық жеткізудің, бөлшек сауда желісінде әлеуметтік нан өндіру мен сатудың нақты схемаларын бекітуге тапсырма бердім. Енді, Балқаш халқы қолайлы бағадағы нанмен қамтамасыз етіледі, – деді шаһар басшысы Ораз Тәуірбеков.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button