Аймақ

Қарағанды облысында қаржы пирамидасының жолы кесілді

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактілерінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланған. 

Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестиция тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен.

Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады»,-делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button