Жаңалықтар

“Ол жақта қалмай, елге қайтыңдар”. Асхат Аймағамбетов шетелде оқитын жастарға кеңес берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегерлерімен кездесіп, ақшалай сертификат табыстады. Оқушыларға ізгі тілегін арнады. Бұл туралы BAQ.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта көбі шетелдік оқу орынына түсіп отыр. Бірақ сол жақта қалып қоймай, жақсы білім алып, елімізге оралып, отанымыз үшін еңбек ететін болсаңыздар. Міне, мен үшін әр азаматтың борышы дәл осы деп білемін. Сіздер елімізге аса маңызды азаматсыздар. Елімізге келіп, еңбек етесіздер деген сенімдемін, – деді ведомства басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың халықаралық олимпиада жеңіпаздарына ақшалай сертификат пен алғыс хат табыстағанын жазған едік.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Биыл біз үшін – тарихи жыл. Өйткені біз осы жылы  халықаралық олимпиададан 27 медаль жеңіп алып, рекорд жаңарттық. Әрине, бұл біздің оқушыларымыздың жетістігі, білім саласының жеңісі. Әріптестерімізге, ата-аналарға алғысымды білдіремін, – деген еді министр марапаттау рәсімінде.

Басқа материалдар

Back to top button