Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды
Осакаров ауданының тұрғындары жарықтың сөнуіне шағымдануда. КРЭК электр энергиясын жеткізушінің жабдығы бұрыннан жаңғыртуды қажет етеді. Бұл көпжылдық проблеманы шешу жолдарын облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК халықпен кездесуде айтты.
Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапарына дейін бұл мәселені КРЭК басшылығымен талқылады.
– Компания бізге осы жылға арналған егжей-тегжейлі даму жоспарын ұсынады. КРЭК басшылығы 500 миллион инвестиция салуға уәде берді. Ал, алғашқы 100 миллион осы айда бөлінеді. Егер тамыз айына дейін жоспар орындалмаса, қызметкерлердің жалақысы көтерілмесе, онда заңнама аясында әрекет етеміз, – деді Осакаров тұрғындарына Жеңіс Қасымбек.
Кездесуде Осакаров ауданын газдандыру мәселесі де айтылды. Қазір Жезқазған, Қарағанды және Теміртауды газдандыру жүріп жатыр. Бірақ келесі жылы газ келетін алғашқы аудандардың бірі – Осакаров.
Ауыл тұрғындары сондай-ақ, жолдарды жөндеуге алаңдаушылық білдірді. Аудан әкімі Нұркен Қобжановтың айтуынша, екі жыл ішінде жол төсемі жақсы жолдардың деңгейі 17-ден 51%-ға дейін өсті. Жұмыс жалғасатын болады.
– «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 18 көше мен Молодежный кентінің 1-орамында, Ақбұлақ ауылының 13 көшесінде жолдар жөнделді. Облыстық бюджет есебінен Осакаровка – Есіл – Тельман – Молодежный облыстық маңызы бар ұзындығы 14,5 км автожолына жөндеу жүргізілді, Осакаровка – Нұра және Осакаровка – Молодежный облыстық жолдарын жөндеу аяқталуда, – деді Нұркен Қобжанов.
Осакаровкада биыл төрт тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Облыс әкімі жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға тұрғын үй бөлу кезінде ерекше назар аударуды тапсырды.
Озерный ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған.
Ауданда халықты сумен қамтамасыз ету бойынша үш ірі жобаны іске асыру басталады. Пионерский ауылында су құбыры желілері құрылысы, Осакаровка кентінде, Озерное және Ералы ауылдарында жетінші кезек басталды.
Сумен қамтамасыз етумен қатар, ауданның жылумен жабдықтау жүйелері ерекше бақылауда. 2022 жылы Молодежный және Осакаровка қазандықтары үшін жабдықтар сатып алынады. Сонымен қатар, жастар жылында жылу трассалары жөнделеді.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының арқасында Молодежный кенті көптеген өзгерістерді күтуде. Мұнда № 23 және 26 мектептер күрделі жөндеуден өтеді, спорт кешені мен мәдени-демалыс орталығы жөнделеді.
Ал аудан орталығының тұрғындарына облыс әкімі бассейн салынады деп уәде берді. ЖСҚ қазірдің өзінде әзірленді.
«Еркін микрофон» форматындағы кездесу ауыл тұрғындарының көңілінен шықты. Олар өзекті мәселелерін айтып, сұрақтарын жолдады.
– Бұл – өте пайдалы кездесу. Ол шынайы және жылы түрде өтті. Сонымен қатар, проблемалық сұрақтар көтеріліп, оларға жауаптар да нақты берілді, – деді Осакаровка тұрғыны Николай Кошевец.
Қалған мәселелерді осакаровалықтар облыс әкімімен жеке қабылдау барысында талқылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.