Жаңалықтар

Былғары қолғап бәсекесінен бағы жанды

Мамыр айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында 2008-2012 жылғы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық ашық біріншілік өтті.

Бұл бәсекеге Нұра ауданы БЖСМ бапкері Нұрлан Базылов изенділік үш шәкіртін алып барған еді. Алғашқы екі күндік іріктеу жарыстарынан үш спортшы да сүрінбей өтіп, финалдық жекпе-жекке жолдама алды. Алғашқы алтын медальды 34 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұра ЖББМ 4-сынып оқушысы Бақтияр Смайылов әкелді. Оның сыныптасы, 55 кг салмақ дәрежесінде бокстасқан Жантөре Мұратов төрешілердің шешімімен қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін еншіледі. Жалпы, Жантөре 3 раунд бойы қайтпай өнер көрсетіп, жүректі де мінезді спортшы екенін таныта алды. 56 кг салмақ дәрежесінде бокстасқан Нұра ЖББМ 9-сынып оқушысы Жанайдар Кешубай финалда қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды. Біз, изенділік ата-аналар балаларымызды спортқа баулып, жасөспірім шағынан ел аумағында биік деңгейге жеткізген бапкер Нұрлан Мұсатайұлы мен балаларды астанамызға өз көлігімен апарып, әкелген кәсіпкер Нұржігіт Әлібековке, Нұра БЖСМ басшылығына зор алғыс айтамыз. Әрқайсына денсаулық, отбасына амандық, бақ пен береке тілейміз!

Ата-аналар.

Басқа материалдар

Back to top button