Бас тақырыпКоронавирус
Қарағанды облысында 7 адам коронавирустан жазылды
Бүгін Қарағанды облысында 7 науқас коронавирус инфекциясын жеңіп, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Індеттен сауыққандардың төртеуі «Минск — Нұр-Сұлтан» бортының жолаушылары, ал, үшеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Олар толық емдеу курсынан өткен соң 2 мәрте ПТР (полимеразды тізбекті реакция) сараптамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың індетті жеңгені анықталды. Олар 14 күнге үй карантиніне жіберілді. Жалпы алғанда, аймақта коронавирустан жазылғандардың саны 12 адамға жетті», — делінген хабарламада.



