Журналистиканың қалай пайда болғанын білесіз бе?
Француздың «journal» сөзінен шыққан «журналистика» термині – «күнделік», «журнал» дегенді білдіреді.
Ағылшынша мұның «journalism» деген баламасы болса, неміс тілінде «Journalistik» деген сөз бар. Ел арасында журналистиканы «екінші көне» мамандық деп атау үрдісі қалыптасқан. Өйткені, Ежелгі Рим мен Грекияда «журналистер» – шешендер, жаршылар мен хабаршылардың қызметін атқарып, патша жарлығын халыққа жеткізумен айналысқан. Ал, Ежелгі Египеттің перғауындар сарайында алғашқыда папирустан оралған газеттер шығып тұрған. Көне Римде Юлий Цезарьдың айтқан сөздерінің бірнеше көшірмесі жазылып, елге таратылып отырған.
Ең алғашқы «журналистердің» білімді әрі жан-жақты болғаны соншалық, бай париждіктер оларды шақыртып алып, ақпарат сұрап, әңгімелерін тыңдайды екен. Ал, кәсіби журналистиканың қалыптасуы – баспа үйлері ашылып, кітап басып шығару үрдісінің дамуымен байланысты. Бір қызығы А.Байтұрсыновтың: «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген газеттер алғаш шыға бастағанда, онда саудагерлердің тауарлары, сауда ісінің қыр-сыры, тауар бағалары жазыла бастаған.
Маржан терген Жәлел ШАЛҚАР.