Жаңалықтар

27 млн. теңге айыппұл салынды

Ел Президенті пен Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес Жезқазған және Балқаш жылу элктр орталықтары кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС компаниясының қызметіне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстары барысында компания жабдықтары мен заң талаптарының қатаң сақталуы толық тексеріліп, заңбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, 27 млн. теңге айыппұл салынды.

– Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және тағы да басқа сала бойынша 600-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Атап айтсақ, объектілерді жаңартуда инвестициялардың болмаған, қабылданып жатқан шаралардың негізінде ақаулар жойылмаған. Электр станциялары мен желілерде техникалық пайдалану ережелері бұзылған. Жылу желілерінің температуралық кестелері сақталмаған. Өлшеу құралдары уақтылы тексерілмеген. Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 млн. теңге сомасында 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн. теңгеден астам айыппұл сомасын төлегені анықталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button