Қарағанды

Тыйылмай тұрған жөнсіздік

Жыл басынан бері Қарағанды облысының колонияларына тыйым салынған заттарды кіргізу әлі де тыйылмай тұр. Жазасын өтеушілер жақындарынан рұқсат етілмеген заттарды сұратып, ішке алып кірмек болған. Ондай заттардың көбі – ұялы телефон.

Колониялардың бірінде «Nokia» маркалы ұялы телефон мен сим карта табылды. Осының бәрін келушілер қырынуға арналған көбік құйылған құтыға тығып, сотталушыға беруге әрекет етіпті.

Тағы бір осындай жағдай тергеу изоляторында орын алды. Сотталушы қабылдап алған ұялы телефонды киіміне жасырып, ішке алып бара жатқан жерінде ұсталды. Тек бұл ғана емес, есірткі кіргізбек болғандар да анықталды. Балалар кремінен жасалған дүниенің ішінен ақ-сұр түсті ұнтақ, қапшыққа оралған зат табылды. Сараптама қорытындысы бойынша салмағы 0,728 гр. есірткі екені анықталған. Бұл да сәлемдемені тексеру кезінде орын алған оқиғалардың бірі.

Сондай-ақ, пакеттен мың теңгеліктерден 2000 теңге тапқан. Ал, сәлемдеме жіберушіні заң бойынша әкімшілік жаза күтіп тұр. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тыйым салынған заттарды бас бостандығынан айырылған жандарға беру әрекеті үшін оларды жаза күтіп тұрғанын, және жауапкершіліктері туралы ескертеді.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button