Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мерекелік күндер тізіміне тағы бір мейрам енгізетін үкімет қаулысына қол қойды.

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта хабарланғандай, мерекелік күндер тізімінде жаңа тармақ пайда болды: «47. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан».

Жаңа мерекені атап өтетін күн де алыс емес екен.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі 1991 жылы желтоқсан айының соңында ҚР министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын. Ол мемлекеттік биліктің жоғары органдары, мемлекеттік басқарма, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери командованиесінің фельдъегерлік байланысын қамтамасыз етеді.

Дереккөз:  sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.