Еріктілер қайырымдылық көрсетті
Биыл Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған «Мағынамен жүгір» қайырымдылық экологиялық марафоны төртінші мәрте өткізілді. Акцияға ақылы қатысқандар жиналған қаржыны милеобластикалық лейкемия дертіне шалдыққан қарағандылық бүлдіршіннің еміне аударды.
Марафонға аймақ төңірегіндегі қалалардан қол ұшын созамын деп ниет білдірген 130-дан астам ерікті онлайн форматында қатысты. Олар арнайы мобильді қосымша арқылы 3,5 және 10 шақырым аралығындағы қашықтықты таңдап, жүгіріп өтуі керек болатын. Жол бойы айналасында шашылған қоқыс қалдықтарын жинап, сөмкелерін толтыруы шарт.
– Біз бүгін екі бірдей маңызды жұмыс атқардық. Қоршаған ортаны қоқыстан арылта отырып, Соня Данко есімді бүлдіршіннің еміне керек қаржыны жинап беруге жәрдем бердік. Баланы түрік клиникаларының бірі қабылдауға дайын. Бүлдіршін сауығып кетсе екен деп тілейміз, – деді акцияны ұйымдастырушы Ирина Нечаева.
Акцияның өтуіне олимпиада чемпионы Дмитрий Карпов көмек көрсеткенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, «Комфортный дом» компаниясы қатысушыларға арнайы медаль табыстады.
Өз тілшімізден.