Жезқазған

22 мамырдан бастап Жезқазған – Нұр Сұлтан рейсі қайта жанданады

Нұр Сұлтаннан Жезқазғанға және одан кері рейстер тұрақты түрде қалпына келеді. Алғашқы рейстер 22 және 24 мамырда орындалады. Бұл туралы Qazaq Air хабарлады.

Тасымалдаушының ақпаратынша, 25 мамырдан бастап осы бағыттағы ұшақтар аптасына үш рет (дүйсенбі, жұма, жексенбі) ұшатын болады.

«Qazaq Air әр рейстен кейін тазалағыш заттарды қолдана отырып ұшақтарды үнемі зарарсыздандырады. Сонымен қатар, жолаушылар орындары мен дәретхана мұқият тазаланады», – делінген хабарламада.

Ұшулар барлық санитарлық нормаларға сәйкес орындалады. Жолаушылар барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауы керек – бетперде, қолғап киіп, антисептик қолдануы қажет.
Билеттерді www.flyqazaq.com ресми сайты арқылы брондауға және сатып алуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button