Коронавирус

2021 жылдың 17 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат

2021 жылғы 17 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

1 780 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 365 адам, анықтамасыз 415 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

🔹 Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 872 жолаушы, анықтамамен – 850, анықтамасыз – 22;

🔹 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен – 322; анықтамасыз – 238;

🔹 Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 8 жолаушы анықтамамен келген;

🔹 Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 243 жолаушы, анықтамамен – 88; анықтамасыз – 155;

🔹 Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 53 жолаушы анықтамамен келген;

🔹 Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

🧪 2021 жылдың 16 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 213 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Басқа материалдар

Back to top button