АймақЖаңаарқа

Түлектерден – 20 түп қарағай

Ауылдан қанат қаққан азаматтардың өздері туған өңірдің өркендеуіне мүдделі болып, көмек қолын созуға ықылас танытуы ел көлемінде өнегелі үрдіске айнала бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылындағы мектеп түлектері ұйытқы болған ізгі ниетті іс-шара – соның бір айғағы.

Нақтылай түссек, ауылдарының ажарлы күйге енуін мұрат тұтқан Саян Рахматуллин, Береке Адикамов, Әйгерім Өскембаева, Жасұлан Молдашев және тағы басқаларының демеушілігімен елдімекеннің кіреберісіндегі көлік жолы бойына және «Жастар» саябағына жалпы құны 100 000 теңгені құрайтын 20 түп қарағай ағашы егілді.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ауылды көркейтуге үлестерін қосып, демеушілік көрсеткен түлектерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ, әрине. Олардың бұл ісі ауылдың келбетіне көрік қосты. Өнегелі бастаманың өрісі қашанда кең екені белгілі. Сол себепті, алдағы уақытта жарасымды үрдіс жалғасын таба беруі тиіс, – дейді Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Жанғозы Адикамов. 

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button