Қарағанды

Лапароскопия: ота сәтті жасалды

Жақында Қарағанды медицина университетінің клиникасында пресакральды кистаны алып тастайтын лапароскопиялық хирургиядағы күрделі ота жасалды.

 

Университет хирургтары емделушіден пресакральды кистаның жамбас диафрагмасынан төмен орналасқанын және диаметрі 8,0 см-ге дейін жеткенін анықтады.

Патология қарапайым дермоидты кистадан кіші жамбаста орналасқан күрделі ісіктерге дейінгі түзілімдердің дамуымен сипатталды. Ауру түрі сирек кездесетіндіктен, әлемдік медициналық әдебиетте ересек жастағы науқастардың 70-тен астамында аталған ауру ұшырасады екен.

– Біз маңызды анатомиялық құрылымдарды зақымдамай, кистозды түзілуді толығымен қидық. Клиниканың сәтті жабдықталуының және бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ота сәтті аяқталды. Емделуші өзін жақсы сезінеді, – деді медицина университетінің бас хирургі, профессор Нұрқаси Абатов.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button