Бас тақырыпАймақ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Құрметті жас достар, қадірлі ата-аналар!

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бұл күн бізге өскелең ұрпақ үшін жауапкершілік танытып, олардың үйлесімді дамуы, білім алуы мен балалық шақ кезеңінде алаңсыз өсулері үшін тиісті жағдай жасау қажеттігін есімізге салады. Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Жас ұрпақ – біздің болашағымыз, мақтанышымыз және үкілеген үмітіміз. Олардың дұрыс тәрбие алып, болашақта ел ертеңіне жауап беретін азамат болып өсулері үшін біз отбасылық құндылықтарды нығайтып, жастарымыздың сапалы білім алуына, дендерінің сау болуына бағытталған қажетті шараларды іске асырып жатырмыз.
Құрметті ата-аналар, бұл міндеттердің барлығын біз бірлесе отырып шеше аламыз. Сонда ғана ертеңгі күні отаншыл, қайраткер, білімді жастарымыз еліміздің іргесін берік етіп, шаңырағымызды биік ұстап тұра алады. Осынау мерекеге орай әр шаңыраққа бақ-береке, ынтымақ тілейміз.
Мерекелеріңізбен!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button