Руханият

№1 Өнер мектебінде өткен «Өнер әлемі» атты қалалық байқауда жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні мұғалімдері мен оқушылары ән орындау шеберліктері бойынша сайысты. Байқау тек қатысушыларға ғана емес, қазылар алқасына да тамаша мереке болды.

Музыка пәнінің 13 мұғалімі және 162 оқушы қатысты.

Музыка пәнінің мұғалімдері «Солист» (академиялық вокал, халықтық, эстрадалық); «Инструменталдық орындаушы» аталымдары бойынша сайысқа түсті. Ал, оқушылар «Солист» (академиялық вокал, халықтық, эстрадалық); «Вокалдық ансамбль», «Хор» аталымдары бойынша бақ сынады. Қатысушылар қазақ халқының және өзге ұлт өкілдерінің белгілі шығармаларын әрі күй орындауда жоғары шеберлік көрсетті. Байқауымыз жастарға үлгі боларлық жарқын іс-шара болды.

Нәтижесінде 1-4 сыныптар арасындағы «Солист» аталымында №25 мектептің оқушысы Аружан Жүнісова І орынды, 5-8 сыныптар аралығында І орынды – №38 мектеп-гимназиясының оқушысы Айдана Әлібекова, 9-11 сыныптар аралығындағы І орынды – №41 мектептің оқушысы Айзана Бакраева иеленді. Ал, «Хор» аталымындағы І орын № 95 мектептің студиясына бұйырды. «Вокалдық ансамбль» аталымында І орынды №77 мектептің «Назқоңыр» вокалдық ансамблі иеленді.

Ұстаздар арасындағы жас айырмашылық бойынша «Солист» аталымындағы байқаудың І орын иегерлері № 93 гимназияның мұғалімі Д. Максим және №77 мектептің мұғалімі С.Хажай атанды. Ұстаздар арасындағы «Инструменталды орындаушы аталымын № 41 мектептің мұғалімі О. Өмірбаева иеленді.

Ырзагүл АҚЖІГІТ,

№10 мектептің музыка пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button