АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда ер адам көлік жүргізіп келе жатып инсульт алды

Облыс тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарып қалды. Оқыс оқиға Ә. Бөкейхан ауданында болған.

Сурет: видеодан скриншот

8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі 19-шы ықшам ауданның қиылысында төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған.

— Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Көлік от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік,- деді Ақжаркен Мұқажан.

Белгілі болғандай көлік жүргізуші инсульт алған. Оның өмірі өлім ауызында болған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бір қалыпты екенін айтты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Видео: облыстық ПД баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button