1 мамырда Қарағандыда «Хогвартс-экспресс» жолға шығады
Қарағандыда 1 мамыр күні Орталық саябақта балалар темір жолының жаңа маусымы басталады. Қала тұрғындары сүйіп мінетін аттракцион – «Хогвартс-экспресс» қайтадан жолаушыларды қабылдайды.

Саябақтар басқармасының мәліметінше, балалар темір жолы дәстүрлі түрде көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Әсіресе 2022 жылы вагондарға Harry Potter фильмдерінің стилі берілгеннен кейін сұраныс айтарлықтай артқан.
Тек тепловоз ғана емес, темір жол станциясы да ерекше безендірілген. Мұнда сиқырлы әлем атмосферасын сезінгісі келетіндер үшін «9 және ¾ платформасы» жасалған. Көпшілік осы жерде суретке түсіп, ертегі кейіпкеріндей әсер алады.
Жұмыс кестесі:
* бейсенбі, жұма – 12:00-ден 18:00-ге дейін
* сенбі, жексенбі және мереке күндері – 11:00-ден 18:00-ге дейін
Жол жүру ақысы өзгеріссіз қалды: билет құны – 200 теңге, ал 3 жасқа дейінгі балаларға тегін.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



