Басты тақырып

Жаңа емхана салынуда

    Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс сапарымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында Қарағандыда салынып жатқан №7 емханаға барды.

Аймақ басшысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев және жоба жетекшісі Дәулет Мырзағалиев жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде есеп берді.

Тұрғындар жайлылығы үшін емханада барлық жағдай жасалады. Емделушілер ыңғайлы күту залында электрондық кезек арқылы білікті мамандардың медициналық көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдақ (пандус) орнатылып, пациенттерге арналған жеделсаты жұмыс істейтін болады. Әр қабатта санитарлық тораптар қарастырылған, – деді жоба жетекшісі.

Айта кеткен жөн, емхана ғимаратының құрылысына ағымдағы жылдың 10 қарашасынан 270 млн. теңге бағытталған. Оның ішінде 170,0 млн. теңге – жер учаскесін сатып алуға, 100,0 млн. теңге – медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалған.

Алдағы уақытта үш қабаттан тұратын, жалпы алаңы 1215 шаршы метрді құрайтын ғимаратта бекітілген стандартқа сәйкес қажетті кабинеттер мен бөлімшелер болады. Сондай-ақ, емхана тіркеу орны, дәрігерге дейінгі тексеру, дәрігер кабинеті, ем жасау және егу кабинеттері, диагностикалық бөлімшелер: ультрадыбыстық зерттеу, рентген-кабинеттерімен жабдықталады.

Емхана Қарағанды қаласының 15 мыңнан астам тұратын аймағында (Ержанов көшесі 28/2) орналасқан. Қазіргі уақытта аталған аймақ тұрғындарына №1 емхана қызмет көрсетуде. Балалар алаңы мен отбасылық денсаулық орталығы тапшы аймақтағы ғимаратты келер жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button